Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін

29.04.2014
Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін
Атыраудағы пойыз апатына адами фактор себеп болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты Атырау көлік прокуратурасы таратты. Бұл оқиғаға қатысы бар адамдар мен істің мән-жайы қылмыстық істің шеңберінде тексерілуде.
 
Қазір оқиғаның бірнеше себебі нақтылануда. Олар - теміржолдың сапасы, машинистің қателігі және вагондардың техникалық жағдайы, делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
 
Естеріңізге салайық, 19 сәуір күні кешкі сағат алты шамасында Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы Мақат-Сағыз станциясы маңында теміржолдан шығып кетіп, 7 вагон аударылып қалған болатын.
 
Соның салдарынан 14 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 4 -еуі бүгінге дейін ауруханада.

Хабарламаларға жазылу