Атбасар қаласының тұрғындарына көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасар қаласының тұрғындарына көмек көрсетілді

29.04.2014
Атбасар қаласының тұрғындарына көмек көрсетілді
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындарды әбігерге салған Жабай өзенінің деңгейі біршама төмендеп, қауіптің беті қайта бастады. Алайда, тасқынның кесірінен 1700 адам зардап шегіп, 135 үйдің іргесі сөгіліп, тұруға жарамсыз болып қалды.
 
Шығынға ұшыраған тұрғындарға бүгін Солтүстік Қазақстаннан 6 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның ішінде 25 текше метр орман ағашы, 50 мың дана жұмыртқа, бір тонна арпа жармасы, киім-кешек, құрылыс материалдары және балаларға арналған кереуеттер бар.
 
Жомарт Нұркенов, Атбасар ауданының әкімі:
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровке, жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үлкен алғысымды айтқым келеді. Зардап шеккен үйлерге жетеді деп сенім білдіремін. Өйткені, комиссия гуманитарлық есепке байланысты халықтың алдында есеп береді.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу