Шымкентте бір адамды жүк пойызы қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бір адамды жүк пойызы қағып кетті

30.04.2014
Шымкентте бір адамды жүк пойызы қағып кетті
Шымкентте жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға кеше таңғы 9-дар шамасында Қорғасын станциясы аумағында болған.
 
Куәгерлердің айтуынша, марқұм болған азамат шойын жол жағасында тұрып, пойыз келгенде астына өзі түскен.  Жергілікті теміржолшылар да осындай болжам жасап отыр. 
 
Бейсенбай Рысымбетов, теміржол бригадирі:
Мен байқамадым. Бірақ, машинист оның жолдың үстіне жата қалғанын айтады.
 
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Машинистің кінәсі бар-жоғы анықталатын болады.
 
Ал, қайтыс болған адамның тұлғасын білу үшін туыстары іздестірілуде. Әзірге ешқандай адам туысын іздеп, полицияға келмеген.
 
Айта кетейік, бұл соңғы бір айдың ішінде қала аумағында болған екінші қайғылы жағдай. Осыдан бірнеше күн бұрын шойын жол бойында жұмысшыны жүк пойызы қағып, қайтыс болған еді. 
 
Айнұр АҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу