Ақтөбеде әуе қорғаныс күштері институтының курсанты қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде әуе қорғаныс күштері институтының курсанты қайтыс болды

30.04.2014
Ақтөбеде әуе қорғаныс күштері институтының курсанты қайтыс болды
Ақтөбеде Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының курсанты қайтыс болды. ІІ курста оқитын Әділ Ақылбек түсте ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Бірақ, ес жимастан 12 сағаттан соң бақилық болды.
 
Алтын Сартаева, Әділ Ақылбектің туысы:
Құламаған. Оның өкпесін түсіргенше ұрған. Дәрігерлер ішкі құрылысы зақымданған дейді.
 
Қасымбек Кенжебаев, Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты бастығының орынбасары:
Бүгінгі уақытта бұл жағдай туралы Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы және әскери тергеу бөлімшесінің тергеушілерімен жұмыс істелуде.
 
Институт басшылары оқиғаның нақты себебін айта алмай отыр. Әділдің өлімі - әуе қорғаныс күштері институтында биылғы оқу жылында болған екінші жағдай. Жарты жыл бұрын ІІ курстың тағы бір курсанты  жоғарғы қабаттан құлап кеткен.  
 
Батыс аймақтық әскери тергеу басқармасының бастығы М.Сүйлейменовтің айтуынша,  Әділ Ақылбектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.  
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу