Оның мәлімдеуінше қазіргі қолданыстағы полигон іс жүзінде толды. Жаңасының салыну мерзімі құжаттамаларының дайын болуына байланысты. Полигонның орналасатын орны әлі белгіленбеген.
Бүгін Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасында ортақ экологиялық акция басталды. Бұл шараға Қазақстан бойынша 130 мыңнан астам адам қатысып жатыр.
Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:
Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында бір күнде сенбілік өткіземіз деп келістік. Астанадан 600 адам қатысып жатыр. Олар мемлекеттік органдар, жастар. Өздеріңіз көріп жатқандай бүгін сондай керемет сенбілік өтіп жатыр.
Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған орта және эколог күні. Осыған орай бірнеше сала маманы «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ республикалық деңгейде өткізілген балалардың сурет байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Индира БЕГАЙДАР