Түрмеде жасалған бұйымдар көрмеге шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрмеде жасалған бұйымдар көрмеге шығарылды

05.06.2014
Түрмеде жасалған бұйымдар көрмеге шығарылды
Павлодардағы жазасын өтеушілер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ішкі нарыққа шығармақ ниетте. Бұл мақсатта АП-162/4 түзеу мекемесінде құрылысқа қажетті құралдар мен үй шаруасының керек-жарақтары көрмесі өтті.
 
Қазір бас бостандығынан айырылып облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде отырған үш мыңға тарта адамның мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған.
 
Өндірістік базаға баруы үшін сотталған адам алдымен қысқа мерзімдік курста белгілі бір мамандық бойынша білім алады. Қазір мұнда ағаш өнімдерін дайындайтын және темір бұйымдарын шығаратын екі үлкен цех бар.
 
Жақында осында қойылған заттардың электрондық үлгісі дайындалып, жарнама беріледі. Тапсырыс түсе бастаса қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.
 
Илья Шаповалов, жазасын өтеуші:
Мен ЖБИ цехында жұмыс істеймін. Жалақымыз жақсы. 20-25 мың аламыз. Әйеліме ақша беремін, балаларыма ақша беремін.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу