Бүгін Алматы облысы Тамғалы тас шатқалындағы «Жартасты қала – Астана» сынақ алаңында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Жиынға Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінің Төтенше жағдайлар министрліктерінің жедел топтары мен құтқару бөлімшелері қатысты. Жаттығуда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелері химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайды жоюдағы тәжірибені пысықтады. «Бұл қатысушы әр мемлекетке - үлкен жауапкершілік жүктейді», - дейді мамандар.
Дәурен ДАРИЯБЕК