Басқа ұлттар тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшыныс анық байқалады. Павлодар облысында өткен жылы он бес мыңға жуық, ал, биылғы жылы алты мыңға жуық адам тіл үйрену курсына барды. Оның 40 пайызға жуығы өзге этнос өкілдері.
«Достық» үйінде 21 ұлттық - мәдени орталық бар. Оларға өз тілімен бірге мемлекеттік тілді тегін үйренуге барлық жағдай жасалған. 80 сағаттық бағдарлама бойынша екі сағаттан екі ай өткізілетін курсқа олар тегін бара алады. Осыны ескере келе, әр этнос өз араларынан қазақпен қазақша еркін сөйлесе алатын кемінде бір адамнан дайындауға уағдаласты. Ал, Елена Гаркава «Достық» үйінің мәдени жаңалықтарын қазақ тілінде баспаға беріп отырмақ.
Елена Гаркава, Украин ұлттық-мәдени орталығының өкілі:
Қазақстанда кез-келген жерде жұмыс істей аламын. Себебі, мен орысша да, қазақша да еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар, қазіргі кезде шетел тілін үйреніп жүрмін. Қазіргі жастар қызыға қарайды деуге болады. Себебі, оларды басқа бір ұлттың салт-дәстүрлері, әдебиеті қызықтырады.
Ұлттық бірлікке ұйытқы болатын осындай бастамалар, дейді қазақ әліппесін өлеңмен өрген ақын Советқазы Нұрсила. Алайда, бес саусақ бірдей емес. Павлодардағы жарнама агенттіктері қазақша сөздерден қате жіберу былай тұрсын, аудармаларындағы сөйлемдердің еш мән-мағынасы жоқ.
Советқазы Нұрсила, ақын, қоғам қайраткері:
«Біз рады сіздерді көр қылуымызға», дейді. «Біздің бағаларымыз сіздерді аңқайтады», дейді. Бұл енді қазақ тілін мазақтау деп түсінемін. Әкімдікте ішкі саясат бар. Тіл комитеті бар. Тіл комитеті қайда қарап отыр, деген ой сіздерге алып келді.
Тілді үйрену, Отанды сүю. Бәрі балабақша мен мектептен басталады. Қазақ сыныбына баруға балабақшада даярланып жатқан балалардың қатарында басқа ұлт өкілдері көп.
Болат АМАНБАЕВ