Туристер Қазақстанның тарихы мен табиғатын үш тілде, тіпті сегіз тілде тыңдап, тани алады. Астанаға келіп, тек елорданы емес, бүкіл байтақ Қазақстанмен танысуға болатын жер «Атамекен» этномемориалдық кешені.
Орталық Азияда жоқ бұл кешеннің ГИД-тері бұдан былай кем дегенде үш тілде, тіпті ЕХРО-2017 көрмесіне қарсы сегіз тілде экспонаттарды таныстыратын болады. Экскурсияшы қызметіне жазғы маусымда елорадлық озат оқушылар таңдап алынады.
Бүкіл Астананы, тіпті барлық Қазақстанды табан тоздырмай бір залдан көретін кешен бар. Ол – «Атамекен» кешені. Туристердің, тіпті түкпір-түкпірден келген туыстардың да тура тартатыны осы жер. Әйтпегенде, бұл жерде қалда құрылысы енді басталған ғимарттардың кішкентай көрнекіліктерін көруге болады.
Надежда Восюкова, маман:
Биыл бізде жаңа макеттер пайда болған. Бұл – «Абу-Даби плаза». Ол Астанада, Қазақстанда және Орталық Азиядағы ең үлкен ғимарат. «Абу-Даби плаза» 88 қабаттан тұрады. Ал анау ғимарат - Астана опера театры. Ал сен осы макеттерді қанша тілде таныстыра аласың? Мен ағылшынша, орысша және қазақша сөйлей аламын.
Қазір шетелдік келім-кетім қонақтарға, қала берді ЕХРО көрмесіне қарсы көптілді қызметкерлерді даярлау мықтап қолға алынған. Кешеннің 50 жуық қызметкерлеріне аптасына үш рет тіл үйрену курсы ұйымдастырылған. ГИД-терге де талап күшейген.
Батырхан Жұмабаев, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені қызметкері:
103 ГИД бар 103. Қазіргі таңда ЕХРО-ға байланысты 8 тілде экскурсия жүргізетінг боламыз. Атап айтатын болсақ, ағылшын, француз неміс, қытай, испан, түрік және итальян тілдерінде. Ана тіліміз қазақ тілімен екінші тіл орыс тілін қоспағанда.
Мұндағы жол көрсетіп, тарихты таныстыратындардың дені оқушылар. Оларды сәуір айында арнайы конкурс ұйымдастырып, іріктеп алады. Жалақысы да жаман емес, жаз бойы - айына 30 мың теңге.
Дулат Абибуллаев, тілші:
Атамекен кешеніндегі тағы бір жаңа экспонат. Мынау металдан жасалған демесеңіз, кәдімгі қазақтың киіз үйі. Бұл жерде ЕХРО-ға қарсы «Этно үй» пайда болады. Оның ішінде ұлттық қол өнер жәдігерлері мен қазақтың кең дастарханы жайылатын болады. Ал шамамен мына жерде 5D форматындағы шағын кинотетар пайда болады. Оның ішінде қазақтың тарихы, табиғаты, ұлт зиялылары туралы фильмді Астанаға келген туристер мен қонақтар өздері таңдаған тілдерінде көре алатын болады.
Дулат АбИБУЛЛАЕВ