Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды

10.06.2014
Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды
Елімізде жол-көлік оқиғалары азаяр емес. Мәселен, өткен жылы жол апаты саны 23 мыңнан асып жығылған. Соның салдарынан үш мыңнан астам адам қаза болған, оның 273-і балалар.
 
Жан түршігерлік деректер бүгін Бас прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің жиналысында жария етілді. Жолдардың нашар жағдайы, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, алдын-алу шараларының тиісті деңгейде өтпеуі - жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне негізгі себеп.
 
Енді күрмеулі мәселені тарқату үшін заң бұзған жүргізушілерге жазаны қатайту керек және оларға бейнетіркеуіштерді пайдалану тәртібін түсіндірген жөн.
 
Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:
Қарапайым жол белгілерінің болмауынан адамдар ажал құшуда. Мәселен, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «негізгі жол» белгісінің жоқтығынан үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды. Осындай заң бұзушылықтар еліміздің барлық өңірлеріне қатысты болып отыр.
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу