Бұған дейін, Қарағандының облыстық соты Конституциялық кеңеске таласты норманың басты заңға сәйкес келмейтінін растау туралы өтініш білдірген болатын.
Мамандардың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын қабылданған Заң жобасының 218-ші бабы 6-шы тармағында қателік кеткен.
Тармаққа сәйкес шығарылатын соттық шешімдер азаматтардың мүлікке қатысты істеріне зиянын келтіруі мүмкін деген.
Бұған Қарағанды облысында орын алған пәтер дауы дәлел. Аймақта 1 баспананы 3 заңды тұлға бөліп ала алмаған. Ал сот 3 азаматтың құқығына зиян келтірмейтіндей тиімді шешім шығара алмай, тығырыққа тірелген.
Жалпы 1994 жылдан бері қолданыстағы тармақ бойынша осы оқиғаға ұқсас 100-ден астам іс қаралыпты.
Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 218-ші бабының 6-шы тармағы ҚР-ның Конституциясына сәйкес деп танылсын.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ