Латвиялық шпроттар бұдан былай Қазақстан нарығына кіргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латвиялық шпроттар бұдан былай Қазақстан нарығына кіргізілмейді

13.06.2014
Латвиялық шпроттар бұдан былай Қазақстан нарығына кіргізілмейді

Қазақстанда жыл сайын 4 миллионға жуық адам 21 түрлі инфекциялық ауруға қарсы егіледі.

 
Иммундау шараларына бөлінетін қаражат соңғы 7 жылда 12 миллиард теңгеге жетті.
 
Нәтижесінде жыл басынан бері елімізде бірде-бір оба, күйдiргi, тырысқақ, конго-қырым қанды безгегі, полиомиелит сынды аса қауiптi жұқпалы дерттер тіркелмеген.
 
Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, еліміздің Бас санитарлық дәрігері латвиялық шпроттардың бұдан былай Қазақстан нарығына кіргізілмейтінін жеткізді.
 
Өйткені, отандық СЭС мамандары жақында консервіленген балық құрамынан қатерлі ісік тудыратын химиялық зат барын анықтаған.
 
Бұдан өзге, сапасы талапқа сай келмейтін тағы бірнеше азық-түлік түрі дүкен сөрелеріне жіберілмейтін болды.
 
Жандарбек Бекшин, ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары:
Үстіміздегі жылы Украина ірімшігінен, одан кейін Австралиядан келген сиыр еті өнімінен  қауіпті зат бары анықталды.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу