Бүгін мемлекеттік маңызы бар ғимараттардың мерзімінде табысталуын қадағалаған шекара қызметінің директоры нысандардың құрылысымен танысты.
Бақылау барысында ол Сарыағаш, Жетісай шекара отрядтарында бой көтеріп жатқан заставалар мен Қордай шекара отрядының әскери қалашығын аралады.
Сондай-ақ, «Алматы» шекаралық бақылау отрядында жүріп жатқан жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.
Олег Колесников, ҚР ҰҚК ШҚ Инспекция және бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы:
Тексеру барысында Сарыағаш шекара отрядындағы заставалардың 100 пайызға жуығы жақсы, деген баға алды. Енді біз шекарашылардың ұрысқа әзірлігі мен жауынгерлік жаттығуларды орындау деңгейін тексермекпіз.
Айдана ҮСЕНБАЙ