Соңғы он жылда Астана қаласындағы халық саны 62 пайызға артып, 825,4 мың адамға жетті. Бұл туралы бүгiн Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлiмдедi.
Оның iшiнде ер азаматтар – 398 мың, әйелдердiң саны – 426 мың.
2004 жылдың 1 қаңтарында Астана қаласы тұрғындарының саны 510 мың адамды құраған едi.
Сондай-ақ, оның хабарлауынша, елiмiзде негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 1 триллион 850 миллиард теңгенi құрап, 2,9 пайызға өстi.
Қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор биылғы жылдың қаңтар-мамыр айында былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды көрсетті.
Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң төрағасы:
Қаңтар-сәуір айларында сыртқы сауда айналымы 41 миллиард 197 миллион АҚШ долларына жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға азайды. Оның ішінде экспорт 5,2 пайызға өсіп, 29 миллиард 132 миллион АҚШ долларын құрады.
Индира БЕГАЙДАР