Павлодарда 100 сиырдан бруцеллез анықталды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 100 сиырдан бруцеллез анықталды (толығырақ)

20.06.2014
Павлодарда 100 сиырдан бруцеллез анықталды (толығырақ)
 
Павлодарда бір ғана шаруашылықтан 150-ге тарта сиырдың бруцеллезге шалдыққаны белгілі болды.
 
Облыстық ветеринарлық қызмет өкілдерінің мәліметіне қарағанда, Шарбақты ауданында ауруға қарсы екпе жұмыстары  уақытында жүргізілген.
 
Сондықтан, ауру басқа ауданнан келуі мүмкін, деген күдік бар. Өйткені, бруцеллез шыққан шаруа қожалығы былтырдан бері тұрғындардан аналық мал сатып алып жатыр.
 
Кейбірі еліміздің басқа да аймақтарынан әкелініпті. 
 
70-ке тарта ауру мал ет комбинатына тапсырылды. Енді бірер күнде басқалары да қасапханаға жіберіледі. Малдың бруцеллезге шалдығуы биыл жиі болып тұр.  
 
Сержан Садықов, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Көктемде,  сосын қыстан шыққанда малды тексереміз.  2800-дей бас ірі қара тексерілді. 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу