Бұқар жырау ауданында кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі табысты жүзеге асып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқар жырау ауданында кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі табысты жүзеге асып келеді

20.06.2014
Бұқар жырау ауданында кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі табысты жүзеге асып келеді
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі табысты жүзеге асып келеді.
 
Бүгінде ауданда екі мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Солардың 357-і жұмыс істеуге жарамды деп танылып, біртіндеп еңбекке тартылуда.
 
Қоғамда тасада қалып келген осы топтың өкілдеріне барлық сала бойынша қолжетімді жағдай жасалуда.
 
Бұқар жырау ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар қазір әлеуметтік мекемелерге, кәсіпорындар мен құрылыс фирмаларында, ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істеп, табыс тауып жүр.
 
Аяжан Мейіржанова, ІІ топтағы мүгедек:
Жәрмеңке болып, соған қатыстым. Түйіндемемді қалдырдым. Кейін хабарласып, жұмысқа шақырды.  Екі ай болды, осында жұмыс істеп жатырмын.
 
Айша Түсіпбекова, Бұқар жырау ауданы Жұмыспен қамту орталығының директоры:
Биылғы жылы жұмысқа тұруға 16 мүгедек жан ұсыныс білдірген болатын. Соның алтауы қазір жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін сол 16 адамның барлығын жұмысқа орналастырамыз, деп жоспарлап отырмыз.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу