Ай бойы автобус еліміздің барлық өңірін аралап, жаңа жобаларды іріктейді.
Үздік шыққан жобаға 7,5 миллион теңге сыйақы беріледі. Ал екінші, үшінші орындарға 2,5 және 1 миллион теңге көлемінде грант қарастырылған.
Айталық, байқау барысында атақты кәсіпкерлер инноваторлар үшін арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, жетістіктерімен бөліседі. Бүгін автобус Петропавл қаласына бет алды.
Бауыржан Айтілеу, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры:
Осы жылы біз Қазақстанның әрбір өңірінен 16 жобаны таңдап, орталыққа әкеліп, байқау өткіземіз. Олар «Инновациялық форсаж» реалити-шоуына қатысып, нәтижесінде ең үздік 3 жобаны таңдаймыз.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ