Палата өкілдері бүгінге дейін мемлекеттік сатып алулар туралы заңға 50-ге жуық өзгерту ұсынып үлгерген. Олардың көздеген басты мақсаты - мемлекеттік сатып алу мен мұнай-газ саласындағы сатып алуларға алып-сатарлар емес, тікелей тауар өндірушілер арқылы жүргізу қағидасын енгізу.
Палата алдында тұрған осы және де басқа мақсат-міндеттер 25-шілдеде өтетін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І съезінде талқыланбақ.
Екатерина Никитинская, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі:
Съезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының стратегиялық даму бағыттары жан-жақты талқыланып, кәсіпкерлерге бүгінге дейін істелген жұмыстар таныстырылады. Талқыланатын тақырыптардың ішінде палатаның мүшелік жарнасына байланысты мәселе де болуы әбден мүмкін. Өйткені, бұл тақырып қазір өте өзекті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ