«Нұр Отан» партиясы 12 Заңның қабылдануына атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы 12 Заңның қабылдануына атсалысты

23.06.2014
«Нұр Отан» партиясы 12 Заңның қабылдануына атсалысты
Сайлауалды міндеттемелерді іске асыруда «Нұр Отан» партиясы 12 Заңның қабылдануына атсалысты. Заң жобаларының 90 пайызына жуығы партияның фракция мүшелерінің тарапынан қолға алынды.
 
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясы төралқасының кеңейтілген отырысында айтылды. 2013 жылы сайланған ауылдық округтердің, елді мекендер мен аудандық маңызға ие қалалардың әкімдері қызметінің алғашқы қорытындыларын жасау, өңір басшыларының есептерін тыңдау, тәжірибесін жүйелі деңгейде көтеру мәселелері көтерілді.
 
Бауыржан Байбек,«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы тапсырмаларын нәтижелі орындау үшін қазіргі таңда билеуші «Нұр Отан» партиясының түрлі деңгейдегі яғни, аудандық, қалалық мәслихаттардағы  Мәжілістегі фракцияларының өзара жұмысын үйлестірудің, оған жалпыпартиялық біртұтастық сипат берудің маңызы аса зор.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу