Оның айтуынша, келіп түскен арыздардың 300-ден астамы немесе 14 пайызы жергілікті биліктің қызметіне қатысты. Дені өңірдегі атқамінерлер жерді пайдалану құқығын ұзартудан және бос жер телімдерін ұсынудан бас тартады, деп шағымданған.
Ал, екінші орында кеден органдарының қызметі тұр. Бас прокурор Асхат Дауылбаев осы мәселені шешу үшін бүгін арнайы онлайн-конференция ұйымдастырды.
Сөйтіп, барлық өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен байланысқа шықты.
Нәтижесінде Алматы, Қарағанды облыстарындағы органдар қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтындығын айтып, тараптарды өзара келісімге келуге шақырды.
Асхат Дауылбаев, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынас орнатпаған 3 облыс анықталды. Мен соларға арнайы айтамын. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын толықтай жүзеге асырамыз, десек, прокуратураның күш-жігері мен бизнес қауымдастығы бірігуі тиіс. Сонда ғана тиісті нәтижеге қол жеткіземіз.
Айдана ҮСЕНБАЙ