Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйлерге жылу өлшегіш қондырғыларын орнату мәселесі талқыланды. Заман талабына сәйкес, мұндай қондырғылар еліміздің көптеген қалаларында жұмыс істеп тұр.
Кеңеске Астанадан арнайы келген делегат бұл жоба жылуға қарызды өтеу кезінде әділ бағасын көрсетеді, әрі тариф құнын үнемдеуге септігін тигізеді,- дейді.
Республика бойынша бұл жүйеге көшу үшін биыл мемлекеттен 8 миллиард теңге бөлінді. Табиғи монополиялар субъектілері бұл қондырғыларды жеткізіп беретін заңды тұлғалармен келісімшарт жасау арқылы жобаны жүзеге асыратын болады.
Төребек Жұнтырбаев, ӨДМ, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту департаменті директорының орынбасары:
Қазақстанның әртүрлі қалаларында дифференциялық тарифтер орнатылып жатыр. Мысалы, ортақ жылу қондырғысы болған жағдайда, төмен төлейсіз. Қондырылмаған үйлерде тариф жоғары болады. Мысалы, Атырау қаласын алсақ, екі тариф арасындағы айырмашылық 50 теңгеге дейін барады, ал Көкшетау қаласында 40 теңгеге дейін барады.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ