«Мерейлі отбасы» байқауы қыркүйекте аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» байқауы қыркүйекте аяқталады

25.06.2014
Алдағы қыркүйекте еліміздегі үздік отбасылар марапатталады. Қазір «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының екінші кезеңі аяқталды.
 
Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері хабарлады.
 
«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық, аудандық деңгейдегі кезеңдеріне 500-ден астам отбасы қатысып, олардың ішінен 16-ы республикалық байқауға жолдама алған екен.
 
Ақтық сын Астанада Отбасы күні мерекесі қарсаңында, дәлірек айтсақ, қыркүйектің 12-і күні өтеді.
 
Гала-концертте республиканың әр өңірінен келген өнегелі отбасылар марапатталып,  шара отандық телеарналардан көрсетіледі.
 
Ұйымдастырушылар әзірге байқаудың жүлде қорын құпия ұстап отыр.
 
Махаббат Бекбосынова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы:
Үміткерлердің ішінде өнегелі отбасылар көп. Мысалы, Ақмола облысының Мұқашевтер отбасының ортақ педагогикалық еңбек өтiлi 300 жылдан асады. Ақтөбелік Түсiпқалиевтер -  медициналық династия. Олардың 340 жылға жуық ортақ еңбек өтiлi бар. Алматы облысында Есхожиндер әулеті 340-тан астам баланы асырап алып, Елбасының қолынан сыйлық алған. Байқау мақсаты жеңімпазды анықтау емес, өнегелікті үлгі ету.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу