Қазақстандық қаржы полицейлері германиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық қаржы полицейлері германиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

26.06.2014
Қазақстандық қаржы полицейлері германиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Қазақстандық қаржы полицейлері германиялық әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында Германияға барып қайтты. Сапар барысында Қаржы полициясының қызметкерлері жемқорлықпен күресудің қазақстандық үлгісін таныстырды.
 
Кездесулерде халықаралық ұйым басшылары, сарапшылар, құзырлы орган өкілдері елімізде жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай тәсілдер қолданатынынан құлағдар болды.
 
Агенттік басшылары бірнеше үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен екіжақты кездесулер ұйымдастырды. Қазақстан Қаржы полициясы шетелдік әріптестеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты туралы толыққанды ақпарат беруді мақсат етуде.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу