Жер серіктері арқылы өрт, су тасқыны мен қар көшкінін болжау мүмкіндігі бар.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жерді қашықтықтан бақылау тәжірибесін 1997 жылдан бері қолданып келеді.
Ғарыштық мониторинг ең алдымен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қайғылы жағдайларды болдырмауға септігін тигізеді.
«Сондай-ақ, экономикалық жағынан да өте тиімді», дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.
Ержігіт Құлтаев, ҚР ТЖМ Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры:
Бұл жаңалықтың бізге берері өте көп. Мамандарымыз Ресей Федерациясымен жақсы байланыста. Солардың озық тәжірибелерін пайдаланамыз, деп отырмыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ