Тиімді заңнаманы қалыптастырып, атқарушы сот органдарының қуатын арттыруда Еуропалық одақтың құқықтық саладағы тәжірибесін кеңінен пайдалануға мүмкіндік мол.
Озық Заң талаптарын енгізу, дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен Қазақстан үшін аса маңызды. Отандық мамандармен кездескен аталмыш ұйымның өкілдері құқық қорғау реформасы және оны іске асыруға қатысты пікірлерін білдірді.
Атап айтқанда, сот әкімшілігін жетілдіру, қылмыстық сот өндірісін ізгілендіру, адвокаттар мәртебесін нығайту мәселелері жан-жақты талданып, талқыға түсті.
Бақыт Әбішев, Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы:
Осы ұлттық семинар деңгейінде біз пікірталастан кейін қажетті ұсыныстарды алып, зерделеп, болашақта Заң шығару барысында озық тәжірибені қолдануға бізге үлкен әсерін тигізеді.
Рауан ДИӘЛИ