3-шілде - Беларусь Республикасының Тәуелсіздік алған күні. Осыған орай, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің қарым-қатынасын дамытудың негізгі бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті.
Игі шара Қазақстандағы Беларусь елшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Оған оқу орнының студенттері мен профессор-ғалымдары қатысты.
Олар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дәріптейтін дәрістер оқып, Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаттары мен құжаттағы басым бағыттарды талқылады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта жоғары оқу орнының оқытушылары білімгерлерге құнды құжатқа қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндігін айтты.