Бүгін Астанада кәсіпкерлер мен инвесторлардың және меценаттардың үздіктері анықталды. Еселі еңбегімен елорданың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар үш аталым бойынша марапатталды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған байқау бір ай көлемінде өтті. Үміткерлер екі кезең бойынша сынға түскен. Нәтижесінде «Астаналық үздік меценат» ұлттық сыйлығын «BIGroup» холдингінің президенті Айдын Рақымбаев иеленді. «ALIT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Әлжанқұлов «Астаналық үздік кәсіпкер» номинациясын иеленді. Ал, «Жаннұр-Астана» компаниясының басшысы Болат Садық үздік инвестор атанды.
Болат Садық, «Астаналық үздік инвестор» номинациясының иегері:
Бұл марапат жай ғана марапат емес, бізге үлкен сенім, жігер, жауапкершілік, стимул беріп отыр.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ