«Алтын сақа». Астана күні қарсаңында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында ашылған балабақша осылай аталады. 280 орындық бөбекжай демографиялық өсімі жоғары аудан үшін ерекше тарту болды.
70-ке жуық ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Мұнда 3 пен 6 жас аралығындағы балдырғандар ана тілінен бөлек, орыс және ағылшын тілін оқып үйренеді. Сондай-ақ, компьютерге әуестеніп, би мен көркем сурет те салатын болады.
Әлфия Айтбаева, ата-ана:
Балаларымыз 4 жасқа дейін үйде отырды. Енді міне, Астана күні қарсаңында балабақшаға әкеліп отырмын. Гимназиялық үлгідегі бақшада тәрбиеленетініне қуаныштымын.
Ақбұрыш Әбілова, балабақша директоры:
Ерекше дарынды балаларды айқындау және болашақта үлгілі типтік мектептерде, гимназиялық сыныптарда оқуға мүмкіндік береді.
Жазира ӘБІЛ