Ақтөбеде 15 адам «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 15 адам «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өтті

09.07.2014
Ақтөбеде 15 адам «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өтті

Астана күні мерекесі қарсаңында Ақтөбеде 15 адам «Нұр Отан» партиясына  мүшелікке өтті. Олар қоғамдық шараның бел ортасында жүрген журналистика, мәдениет, білім беру саласының мамандары.

Жалпы, өңірде «Нұр Отан» партиясының 332 мың мүшесі бар. Олардың алдыңғы легіне жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды. Партия басшылығы белсенді мүшелерге Елбасы межелеген 12 жоба туралы түсіндіріп, Астана күнімен құттықтады.   

Келдібай Еспағамбетов, Бейбітшілік және келісім кеңесі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:

16 жыл бірге келе жатқан ескі билетті тапсырып, жаңа билет алу маған қуат, жігер, күш береді. Себебі, біздің қоғам күннен күнге жаңарып келе жатыр. 23 жылдық тәуелсіздік кезінде Қазақстан мемлекеті көптеген жетістікке жетті. Мысалы, Астана. Бүгінгі күні ол дүниежүзінде теңдесі жоқ қалалардың қатарына қосылды.

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу