Кереку тұрғыны Ертісті бойлай 70 шақырымды жүзіп өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кереку тұрғыны Ертісті бойлай 70 шақырымды жүзіп өтпек

10.07.2014
Кереку тұрғыны Ертісті бойлай 70 шақырымды жүзіп өтпек

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің ағысын бойлай 70 шақырым жерді жүзіп өтпек. «Бұл Астананың туған күніне тартуым», - дейді ол.

Өміржан Ошанов жастайынан қазақ күресімен айналысқан. Қазір ауыл балаларын жаттықтырады. Жасы 50-ден асқан, бірақ, өте ширақ. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ол 25 метрлік бассейінде төрт сағат бойы  жүзді.

Кәсіби спортшы өзінің бабында екенін жұртшылыққа тағы бір паш етпек. Бұл жолы Лебяжі  ауданынан Павлодарға дейін ағысы қатты асау өзен - Ертісті бойлай жүзіп өтпекші. «70 шақырым қашықтықты 12 сағатта бағындырамын», - дейді ол.

Өміржан Ошанов, Шарбақты ауданының тұрғыны:

Тоқтамай өтуім керек. Бүкіл елге қазағымның кім екенін көрсетейін деп,  әдейі келіп отырмын. Астананың 16 жылдық туған күніне арнаймын.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу