Павлодарда велосипед ұрлығы көбейді. Күн жылып, жер кепкелі бері ұрылар 130-ға тарта адамды сан соқтырды. Олардың арасында спорттық, серуенге арналған тіпті, мүгедектер үшін арнайы жасалған велосипедтер бар. Велосипедке сұраныс болғандықтан, ұрылар даланы былай қойып, тұрғындардың гараж, балкон, пәтерлеріне дейін түсіп жатыр.
Сондай-ақ, түн қатып жүріп екі бірдей күзетшісі бар автотұрақта темір шынжырмен байланған үш велосипедтті ұрлап кеткен. Бірақ, күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Енді олар қатаң түрде жазаланады.
Әлімжан Айтжан, Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
Облыс орталығының үш тұрғыны, жастары 20-да. Қамалды. Олар қалалық автобекеттерге заңсыз түрде кіріп, велосипедтерді ұрлаған. Күдіктілер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Болат АМАНБАЕВ