Өскеменде инватакси қызметі дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде инватакси қызметі дамып келеді

11.07.2014
Өскеменде инватакси қызметі дамып келеді

Өскеменде инватакси қызметі дамып келеді. Қала бойынша үшінші инватаксиді таяуда «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі ашты.

Мүгедек жандардың тапсырысын қабылдайтын жаңа диспетчерлік орталық «Жібек маталар комбинаты» шағын ауданында орналасқан.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар арнайы көлікті кез келген уақытта шақыртып, қажетті жерлеріне бара алады.

Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инватаксиді тағдырдың жазуымен арбаға таңылған жандар тегін пайдаланады.

Қазіргі таңда Өскеменде 11 мыңға жуық мүгедек тұрады.

Мағиза Мирзаветдинова, «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Инватакси қызметі I және II топтағы мүгедектер үшін тегін болады. Тек қажетті құжаттарын көрсету керек. Бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандарды  жұмыс орындарына, медициналық мекемелерге және басқа да әлеуметтік қызметтер көрсетілетін жерлерге жеткізіп, қайтадан әкеліп отырамыз.

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу