Халықты жұмыспен қамтудағы жайбасарлық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты жұмыспен қамтудағы жайбасарлық

11.07.2014
Халықты жұмыспен қамтудағы жайбасарлық

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының орындалуы көңіл көншітпейді.

Биылғы жылдың бес айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша өңір көш соңында.

 Мәселен, биылғы жылы 3 093 адам жұмысқа орналасыпты. Бұл -жоспарда межеленген көрсеткіштің небәрі 2,3 пайызы.

Ал, бағдарламаның екінші бағыты бойынша арнайы кәсіптік білім алған 3 мыңдай азаматтың бар болғаны 110-ы тұрақты жұмыс тапқан.

Бұл соңғы үш жылда мемлекеттен бөлінген 15 миллиард теңгенің дұрыс игерілмегенін немесе желге ұшқанын аңғартса керек.

 Бүгін өңірге арнайы сапармен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  осы жайттарды айта келіп, жауапты мекемелер тарапынан жалған ақпар берудің кең етек жайғанына қынжылыс білдірді.

Тамара Дүйсенова осындай келеңсіздіктерді азайту үшін еңбек қатынастарына енгізіліп жатқан жаңалықтарға да тоқталды.

Енді әрбір азамат «Жұмыс» ақпараттық порталы арқылы жұмысқа орналаса алады.

Тамара Дүйсенова, ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Әкімдер, жұмыспен қамту бойынша қызметкерлер несие алу туралы немесе бір жоба туралы, мамандық алу туралы азаматтарға жеткізуі керек. Егер әрбір азамат соны білсе, ойлаймын жастардың ішінде, өзін-өзі қамтамасыз еткен азаматтардың саны артады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу