Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу шаралары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу шаралары басталды

12.07.2014
Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу шаралары басталды

Алматының таулы-орманды аймағын өрттен сақтау қажет. Бүгін Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері таулы аймақта демалып жатқан қонақтарға осындай ескертпелер таратты.

Мамандардың мәліметінше, күн райының күрт ысуынан қала аумағында қураған шөптердің өртенуі жиі тіркелген. Қазір Төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы жылжымалы бекеттер құрып, шағын топтарға бөлінген мамандар таулы-орманда қадағалау жұмыстарын жүргізуде.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қаласы ТЖД өртті қадағалау басқармасының бас маманы:

Біз тек қана төтенше жағдай департаменті қызметкерлері ғана емес, барлық халық болып осы өртті болдырмаудың алдын алудың мақсатына бірдей жұмылуымыз керек. Сонда қаламызда да, ормандарымызда да, саябақтарымызда да өрт болмайды.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу