Бүгін Астанада ауа райы құбылмалы болады. Ұйытқыған жел тұрып, өткінші жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы Елордада алдағы үш күн бойы сақталады.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал, кей жерлерде 18 метрге дейін жетеді.
Бүгін бас қаладан бөлек, басқа аймақтарда да ауа райы бұзылады. Мәселен, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады.
Қостанай мен Қызылорда облыстарында да ауа райы тұрақсыз болады. Мұнда тұман түсіп, құмды дауыл тұрады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жылдамдығы секундына 15, кей жерлерде 20 метрге дейін жел соғады.