Ақмола облысы Сандықтау ауданында өткен ұлттық спорт түрлерінен жарыста 13 жастағы Дәурен Смағұлов мерт болды.
Он шақырымдық бәйгеде қатты жылдамдықпен жүйткіген екі сәйгүлік соқтығысып, үстінде отырған жас шабандоздар атпен бірге жерге құлаған.
Осының салдарынан Ақмола облысы Бестөбе ауылының тұрғыны Дәурен Смағұлов ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Ал, құлаған екінші шабандоз қарағандылық Жасұлан Жанаттың екі аяғына зақым келіп, қазір ауруханада жатыр.
Мұстафа Мұстафаев, Ұлттық ат спорты түрлері бойынша қауымдастықтың вице-президенті:
Көмек дер кезінде көрсетілді. Мұндай жағдайдың қалай болатындығын түсіндіру қиын. Шабандоздар атпен бірге құлап жататын жағдайлар жиі кездеседі. Ал, мұндай оқиғаны бірінші рет көріп отырмын. Болар іс, болды. Қолдан келер қайран жоқ. Орны толмас қайғылы оқиға.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ