Колледж директоры қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колледж директоры қолға түсті

15.07.2014
Колледж директоры  қолға түсті

Батыс Қазақстан облысында қызмет өкілеттігін асыра пайдаланған колледж директоры ұсталды. Лауазым иесі кәсіптік колледж мүлкін табыс табу мақсатында пайдаланған.

Ол жазғы далалық жұмыстар кезінде жергілікті шаруа қожалықтарына колледж меншігіндегі техниканы жалға беріп отырған. Бұл аздай жүргізуші мамандығы бойынша білім алған оқушылардың қаржысын иемденіп, ысырап қылған.

2012 жылдан бері жалғасып келе жатқан былықтың беті Қаржы полициясының тексеруі барысында анықталды.

Мәншүк Харесова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ресми өкілі:

Ол осындай қылмыстық іс әрекеттерімен Зеленов колледжіне жалпы сомасы 1 169 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ағымдағы жылдың 16 мамырында Зеленов колледжінің бұрынғы директоры азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокуратураға жолданды.

Рауан ДИӘЛИ                                                  

Хабарламаларға жазылу