Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті

15.07.2014
Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары-2014» өңірлік көрме-байқауы өтті. Жергілікті кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікті арттыру арқылы тауар сапасын жақсартуды көздейтін байқауға 41 мекеме қатысты.

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған көрмеге облыс кәсіпкерлері дәмі тіл үйіретін тағамдары мен тұрмысқа қажетті заттарын қойды. Шара барысында азық-түлік, халық көп тұтынатын және өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар анықталды. 

Тельман Сүлейменов, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

Әр аталым бойынша үш жеңімпаз анықталып, қараша-желтоқсан айларында  Астанада өтетін республикалық конкурсқа 9 адам жолдама алды. Биылғы байқаудың ерекшелегі - аудандар қатысты және олардың дені жаңадан ашылған мекемелер.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу