Кәсіпкер кәсібін өркендете алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер кәсібін өркендете алмай отыр

15.07.2014
Кәсіпкер кәсібін өркендете алмай отыр

Көлеңкелі бизнестің кесірінен шынайы кәсіпкер кәсібін өркендете алмай отыр. Себебі, Алматыда тіркелген жалған кәсіпкерліктің саны қазір 250-ге жеткен. Аузы күйген кәсіпкер саны  5 мыңнан асып жығылады.

Бүгін солардың біразы  қалалық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады. Бірі өзіне тиесілі мүлкін заңдастыра алмай отырса, енді бірі инновациялық жобасын өндіріске енгізу үшін байқаусызда салықтан жалтарған жалған кәсіпкерлердің алдауына ұрынған.

Сондай-ақ, кейбір кәсіпкерлердің өздеріне тиесілі жер телімдерін қайтаруда әкімдіктер өз міндеттерін дұрыс орындамай отыр. Кеңеске жиналғандар құқығы шектелген бизнесмендердің жолына тосқауыл болған кедергілерді тыңғылықты тыңдап, аталған іске  жергілікті биліктің араласуын  өтінді. 

Айтуар Қошмамбетов, Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

250 жалған кәсіпкерлік болса, сонымен  байланыста болған контрагенттер 5 мыңға жуық.  Ол өте үлкен мәселе. Сондықтан, мұны шешу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Ұлттық палатаның  деңгейіне, мүмкіндік болса,  Үкіметтің алдына көтереміз деген ойдамыз.

Айгүл ЕРМАХАН                                                   

 

Хабарламаларға жазылу