Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар елге заңсыз жеткізілген 1330 дала тасбақасын тәркіледі. Өзбекстан Республикасынан Сарыағаш станциясына келіп тоқтаған жүк пойызын тексеру кезінде кеденшілер иесіз жүкті байқаған. 7 бірдей қаптан тасбақа шыққан.
Қазір олардың иесі іздестірілуде. Ал, тасбақалар мемлекеттік қорыққа жеткізілді.
Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тасбақалардың әр данасының қара базардағы құны 3 мың теңгеден асатын көрінеді.
Сондықтан, иесі табылған жағдайда, оған 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады.
Нұрбек Қожабергенов, ОҚО Кедендік бақылау департаментінің басқарма анықтаушысы:
Аталған фактіге қатысты тұлғалар қылмыстық оқиға болған жерде және тергеу барысында анықталмаған болатын. 1300 бас дала тасбақаларының заңсыз аулаудан келген залал мөлшері 4 миллион 926 мың 320 теңгені құрады.
Айнұр АҚБАЕВА