Ақтөбеде «Елдің күші-бақытты отбасы» республикалық жобасы бастау алды. Көпқабатты 5 үйдің тұрғындары 1 ай бойы сынға түседі. Аула арасындағы сайыстардың түрі ойластырылған.
Үлкендер мен балалар спорттық ойындарда бақ сынасады. Өнерлерін ортаға салып, өздеріне тиесілі аймақтың тазалығы мен абаттандыруына көңіл бөледі.
Бастысы - бірлік. Көпқабатты үй тұрғындарының ынтымағы мен ізденімпаздығы ескеріледі. Оларға спорт шеберлері мен басқа да мамандар келіп шеберлік сабақтарын өткізеді.
Демеушілердің де сыйлықтары әзір. Бұл шара жастарды салауаттылыққа, жұмысбасты көршілерді достыққа жұмылдырады,- дейді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының еріктілері.
Ағлен Аманбай, ерікті:
Шілде айынан бастау алып жатқан бұл жобамыз әрі қарай жалғасын табады. Яғни, тек қана спорттық ойындар ғана емес мысалы, «ең таза подъезд» сияқты жарыстар болады.
Көршілердің, отбасындағы ата-аналардың қарым-қатынасының негізі бірлік, татулық. Бұлардың барлығы бірігіп осы жердегі көптеген ойындарға ата-анасы, балалары, көршілерімен бірге қатысады.
Әлия ТАЛАСОВА