Бір жарым ай ішінде 6 тонна есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жарым ай ішінде 6 тонна есірткі тәркіленді

17.07.2014
Бір жарым ай ішінде 6 тонна есірткі тәркіленді

Кеше 31 жастағы Алматы қаласының тұрғынынан 1 тонна 200 келі марихуана тәркіленді. Ол Жамбыл облысы Шу ауданында қолға түсті. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1-ші маусымнан бері елімізде көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары «Көкнәр-2014» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бір жарым ай ішінде 34 қылмыс тіркеліп, 6 тонна есірткі тәркіленді.

Сәкен СЕЙТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу