«Жастар кадрлық резерві» жобасының іріктеу сыны жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар кадрлық резерві» жобасының іріктеу сыны жалғасуда

18.07.2014
«Жастар кадрлық резерві» жобасының іріктеу сыны жалғасуда

Республикалық «Жастар кадрлық резерві» жобасына Ақтөбеден 60 үміткер өтініш білдіріп, 45 жас іріктелді. Олар «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалындағы кездесуде өз қабілеттерін сынға салуда. Жастарға қойылған басты талап – біліктілік, көшбасшылық қасиет пен үш тілді білу. Сүрінбей өткен 10 маман жастар саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған идея мен ғылыми жобаларын қорғайтын болады. Еліміздің әр өңірінен іріктелген 35 жас маман өздері қалаған министрлікте тағылымдамадан өтеді. Кәсібилігін көрсетсе, жұмысқа қабылданады. Бұл - болашақта білікті кадр шоғырын қалыптастырудың тиімді жолы.

Ербол Шыма, Ақтөбе облысындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушысы:

Бұл жоба бірінші кезекте ауыл жастарына өз білімін жетілдіруге, тәжірибені одан да арттыруға, жан-жақты білім алуға мүмкіндік береді. Ең бірінші өзін дамытуға мүмкіншілік. Биылғы белсенділік өткен жылмен салыстырғанда өте жоғары. Өйткені, алдыңғы жылдары тек ниет білдіруші 10 және одан да аз жастар болатын болса, биыл үш есеге артып отыр.

Әсел ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу