Алматы облысына қарасты Талғар ауданында жүрген селден қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін апат болған аймаққа төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы барды. Олар орман шаруашылығындағы 3 үйдің және бірнеше автожол учаскесі мен «Алматы-Қорғас» жолындағы автомобиль көпірін сел шайғандығын анықтады. Қазір өңірді қалпына келтіру үшін 15 арнайы техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылды. Жалпы, Талғар су қоймасына 8 миллион текше метрге дейін су сияды. Қазір тоспадағы судың көлемі небәрі 300 мың текше метр.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ