«Гүлнар турдан» билет алдым, демалыстан қағылдым деген ағайынға жағымды жаңалық. Бүгіннен бастап түріктің «Атлас Джет» әуе компаниясы ұшуды жалғастырады. Яғни, билеті мен қонақүйдің құжаты бар туристер қара теңізге барып демала алады. Егер қонақүйге тұрақтайтын құжаты болмаса ұшаққа міне алмайды. Мұны «Атлас Джет» компаниясының президенті мәлімдеді. Енді әуе компаниясы Астана және Алматыдан аптасы 3 рет Анталияға қатынайды. Осылай қазан айының соңына дейін жалғасады. Мамандардың айтуынша, қазір қонақ үйге жолдамасы бар адамдардың саны 3 мыңға жетіп жығалады. Ал құр билет алғандар мыңға жуық. Енді демалысқа шыға алмайтын туристердің билеттерінің ақшасы қайту-қайтпауы қарастырылып жатыр.
Мұрат Ерсой, «ATLAS JET» Әуе компаниясының президенті:
Біз 3 миллион доллар шығынды мойнымызға алып, ұшуды жалғастырамыз. Қазақстанмен әріптестігіміз 10 жылға жуықтады. Сондықтан туристерді далада қалдырмаймыз. Біздегі бар мәлеміттер бойынша, билет алғандардың 80-90 пайызының қонақүйге тұрақтайтын құжаттары бар. Сондықтан қазақстандық саяхаташыларға жақсы демалыс тілейміз.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ