Мұрат Оспанов ұстау кезінде қашпақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Оспанов ұстау кезінде қашпақ болған

21.07.2014
Мұрат Оспанов ұстау кезінде қашпақ болған

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов ұстау кезінде қашпақ болған. Мұны Қаржы полициясының өкілдері растап отыр. Мамандардың айтуынша, экс-төраға агенттік ғимаратынан уақытша ұстау изоляторына әкетіп бара жатқан жерінде денсаулығына шағымданып, көлікті тоқтатуды сұраған.

Сол сәтті пайдаланған ол көліктен шығып, қашпақ болады. Артынан қуып жеткен агенттік қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, нәтижесінде жерге құлап, дене жарақатын алған.

Шенеунікке 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Ол бойынша жеке мүлкін тәркілеу және 10-15 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.    

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу