Азамат Тажаяқов айыпты деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Тажаяқов айыпты деп танылды

22.07.2014
Азамат Тажаяқов айыпты деп танылды

АҚШ-та тергеліп жатқан Азамат Тажаяқовқа «2013 жылғы Бостон марафонында болған жарылыстарды тергеуге кедергі жасады», деген тағылды.

Сот алқасы «қазақстандық студент терактіні ұйымдастыру бойынша басты күдікті Джохар Царнаевтың бөлмесінен пиротехника салынған сөмкені алып шықты», деген шешімге келді.

Тажаяқовтың ісіне қатысты үкім қазанның 16-да шығады. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның 20 жылы тергеуге бөгет жасағаны үшін, 5 жылы  сыбайласа қылмыстық келісімге барғаны үшін.

Сот процесінен кейін қазақстандық студенттің қорғаушысы жазаны жұмсартуға тырысатынын жеткізді.

Мэттью Майерс, А.Тажаяқовтың қорғаушысы:

Бүгінгі күн баршамыз үшін ауыр болды. Сот алқасының шешімі таңқалдырған жоқ. Терактіден  айықпаған қала орталығында өтіп жатқан процессте әділдік танытатын төрешіні табу қиын, әрине.  

Сот отырысына Тажаяқовтың ата-анасы мен қарындасы қатысты. Олар Азаматқа тағылған айып жөнінде журналистерге ештеңе айта қойған жоқ.

Ал, осы іс бойынша екінші қазақстандық студент Диас Қадырбаевқа қатысты сот процесі қыркүйекте жеке өтеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу