Қызылордада алаяқтар тобына қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада алаяқтар тобына қатысты сот процесі басталды

23.07.2014
Қызылордада  алаяқтар тобына қатысты сот процесі басталды

Қызылордада 39 адамды сан соқтырған алаяқтарға қатысты сот процесі басталды. Екінші деңгейлі банк қызметкерлерінен құралған топ қызмет бабын пайдаланып, азаматтарға заңсыз жолмен несие алуға көмектескен.

Ақыры 39 қызылордалық алданып қалған. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, алаяқтық, теріс жолмен алынған қаражат пен мүлікті заңдастыру секілді айып тағылып отырғандардың 13-і - әйел, екеуі - ер.

16 томдық қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қаралуда. Бұл фактіге қатысты тергеу әлі жалғасуда.

Қазір осы қылмыстық іске зейнетақы қорлары мен салық қызметі мамандарының қатысының бар-жоғы анықталуда.

Қаракөз Сәрсенбаева, Қызылорда облысының  қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының қызметкері:

Аталған қылмыстық іс сот өндірісіне енгізіліп, бүгін алғашқы отырысы басталды. Бұл іске қатысты барлық деректер жан-жақты тексеріліп, 30 күндей қаралады. Кінәлі деп танылған азаматтардың ешбірі жазадан құтылмайды.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу