Шымкентте кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері зорлық-зомбылық көретінін айтып, ғаламтор арқылы көмек сұраған.
Онда екі жасөспірім орталықтағы жасы үлкен балалардан күнделікті таяқ жейтінін жеткізген.
Бейнеролик адамның ар-намысына тиетін зорлық-зомбылық көріп жатқанын баяндайды. Жасы үлкен балалар өздерінен кішілерді ұрып-соғып, адам ойына келмейтін іс-әрекетті жасатып келген.
Балалардың бұл үндеуін осындағы тәрбиешілердің бірі бейнетаспаға жазып алыпты.
Алайда, орталық басшылығы мұны арандатушылық деп санайды.
Қалай болғанда да, қазір өңірдің білім беру саласы басшыларынан құрылған комиссия арнайы тексеру жүргізуде.
Сондай-ақ, құзырлы органдар да шұғыл тергеу жұмысын бастады.
Бақыт Сейфолла, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары:
2014 жылы 21 шілдеде Еңбекші полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеуалды шаралары жүргізілуде.
Айнұр АҚБАЕВА