Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың іргесіндегі Мартөбе ауылындағы жанармай құю бекетінің қарсы бетінде болған.
25 жастағы Ақсукент ауылының тұрғыны өзінің «Mercedes-Benz» автокөлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Аudi-80» автокөлігімен соқтығысқан.
Екі көлікте де бірнеше жолаушы болған. Алған ауыр жарақаттардан «Аudi-80» автокөлігінің жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Ал, осы апатқа кінәлі, деген «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Ол 1989 жылы туған «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі. Оған қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айнұр АҚБАЕВА